- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда 70 жастағы...
Маңғыстауда 70 жастағы зейнеткер әйел таксист болып жұмыс істейді
Маңғыстау облысында жергілікті тұрғын, 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жеті бала тәрбиелеп, бүгінде 15 немере сүйіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
"Өмірде түрлі қиындықтар болады. Мен де қиын жағдайдан өттім. Балаларым кішкентай, жұбайым жоқ. Оларды тамақтандыру үшін көлік жүргізуге тура келді. Алғашында таксист болдым. Ауылда. Ол кезде мұндай қызмет жоқ еді, ауылдастарым таңғалды.Т өрт-бес жылдан кейін Шетпе-Ақтау тасжолына шықтым", – дейді Гүлшара Жолдасбаева.
Қазір оның 17 жыл бойы бірге жүрген тұрақты жолаушылары бар. Осы жылдар ішінде ол ереже бұзғаны немесе жылдамдықты асырғаны үшін ешқашан жазаланбаған. Сенімді жүргізуші, ол сапарға уақытты таңдамайды, ол таңертең ерте де, түнде де көлік тізгіндеп жүре береді.
Гүлшара Жолдасбаева балаларын ұлттық салт-дәстүрде тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілікті оятты. Ол өз жұмысын адал атқарады. Осы жылдар ішінде ол бес көлікті ауыстырған.
"Барлық әйелді мерекемен құттықтаймын, деніңізге саулық, бақыт, табыс тілеймін, тыныштық болсын, балаларымыз аман болсын", - деп қария әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек