Маңғыстауда 600 млн теңгеден аса бюджет қаражаты қолды болған

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласында миллиондаған теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру схемасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір прокуратурасы медициналық ұйымдардың қызметінен жүйелі заңбұзушылықтарды анықтаған. Жалған медициналық қызмет көрсету, қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, сыбайлас жемқорлық деректері әшкере болған.  

"Ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден аса бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Банк деректерін ауыстыру арқылы қаражат заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған. Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу дерегі анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Облыс прокуратурасы соталды тергеп-тексеруді бастады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз