Маңғыстау облысында 134 көпқабатты тұрғын үй реновация бағдарламасына енгізілді. Оның 61-і апатты, ал тағы 73-і тозығы жеткен тұрғын үй ретінде танылған. Қай үйлер сүрілетіні туралы Massaget.kz материалында айтылды.
Маңғыстау облысында бүгінде 1 938 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 61-і (1 140 пәтер) апатты деп танылған. Бұл туралы Tengri Home басылымының сауалына жауап берген Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.
Өңірдегі апатты үйлердің саны:
| Елді мекен | Апатты үйлер саны | Пәтер саны |
| Жаңаөзен | 25 | 341 |
| Мұнайлы ауданы | 1 | 30 |
| Маңғыстау ауданы | 3 | 32 |
| Қарақия ауданы | 15 | 337 |
| Бейнеу ауданы | 17 | 400 |
| Барлығы | 61 | 1 140 |
Бұл тізімде Ақтау қаласы жоқ. Себебі мұнда 2025 жылы сүрілуі тиіс болған 10 апатты үйдің бесеуі ғана бұзылған.
Басқарманың мәліметінше, 3-шағынаудандағы №34, 35, 36, 37 және 38 үйлер сүрілген. Ал №41, 44, 45, 46 және 70 үйлердің бұзылуы тұрғындардың келісімін алу жұмыстарына байланысты 2027 жылға шегерілген.
Қазір өңірде апатты үйлердің тұрғындарын көшіру кезегі жасақталып жатыр. Бүгінгі күні кезекке 131 адам тіркелген.
Реновация мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылмақ. Жаңаөзен мен Бейнеу ауданында бұл жұмыстарды "СКА-Строй Монтаж" ЖШС атқаруы жоспарланса, Қарақия ауданында "Монако-2023" ЖШС-мен келісім жасау көзделіп отыр.
Жаңаөзенде 342 пәтерден тұратын 25 үй сүріледі. Оның тоғызы - Вокзал шағынауданында, 14-і - Шаңырақ шағынауданында, екеуі - Шұғыла шағынауданында:
2025 жылы екі үй, яғни Вокзал шағынауданындағы №6 және №7 үйлер бюджет есебінен сүрілді. 416 миллион теңгеге 27 пәтер сатып алынды.
Бейнеу ауданында 303 пәтерден тұратын 17 үй сүріледі. Оның 12-сі - Боранқұл ауылында, біреуі - Төлеп ауылында, екеуі - Есет ауылында, тағы екеуі - Ақжігіт ауылында:
Дегенмен Ақжігіт ауылындағы үйлер 2025 жылы-ақ сүрілген. Тұрғындарға бюджет есебінен тоғыз пәтер сатып алынды.
Маңғыстау ауданындағы 32 пәтерлік үш апатты үй Сайөтес ауылында орналасқан. Олар - ЖД-5, ЛПДС-5 және ЛПДС-6. Тұрғындарға 11 пәтер берілген.
Мұнайлы ауданында 30 пәтерлік бір ғана апатты үй бар. Ол Маңғыстау ауылы, 21-квартал, 40-үй мекенжайында орналасқан.
"2025 жылы бұл үй жеке инвестордың қатысуымен сүрілді. Қазір жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оны 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған", - деп сендірді басқарма өкілдері.
Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында 337 пәтерден тұратын 15 үй апатты деп танылған:
337 пәтердің тек 219-ында адам тұрады. Әзірге инвестор табылған жоқ. Дегенмен әкімдік апатты үй иелерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көшіруге үмітті.
Тізімге Бейнеу ауданындағы тағы 73 тозығы жеткен үй енгізілген:
Алайда бұл үйлерді әзірге сүріледі деген шешім қабылданбаған. Алдымен апатты үйлердің тұрғындары көшіріледі. Содан кейін ғана тозығы жеткен үйлердің кезегі қаралады. Оның нақты мерзімі әзірге белгісіз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!