Маңғыстау облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мәліметінше, 5,5 мыңнан астам ақталмағандардың тізімі анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жұмыс бөлімінің басшысы Арман Нұрғазиевтің айтуынша, мүлікті тәркілеу Маңғыстауда 1930 жылы басталған.
"Қазіргі таңда 2686 адамнан тұратын тізім жасалды. Мүлікті тәркілеу Маңғыстауда 1930 жылы басталғаны белгілі. 1928 жылы мұнда 1,7 млн бас, 1929 жылы 318 мың бас, ал 1932 жылы 17 мың бас мал болған. Ұжымдастыру бойынша 478-ден астам іс тергеліп жатыр. 1939-1950 жылдардағы әскери тұтқындар бойынша да жұмыс істейтін топ бар", - дейді Арман Нұрғазиев.
Ақтөбе облысына іссапар кезінде жазықсыз зардап шеккен азаматтардың жерленген жерлері анықталған. Ал Атырау облысында қуғын-сүргінге ұшырағандар жерленген 11 қабір табылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз