18 шілдеде Маңғыстауда ауа температурасы 50 градустан жоғары болды, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.
Жетібайда жұмысшылар 50 градус ыстықты көрсетіп тұрған өлшеуіш құралды видеоға түсіріп алған. Видео авторының айтуынша, олар аптапқа қарамастан далада жұмыс істеген.
"Мынандай ыстыққа қарамастан "ЖетібайМұнайГаз", "OSC", "Ақтаукрантехсервис", "Вест Ойл", "МаңғыстауМұнайГаз" және шағын жеке компаниялар жұмыстарын жалғастырып жатыр", - дейді видео авторы.