Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акуланың тісі табылды

Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акуланың тісі табылды
Фото: Видео кадры

Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акуланың тісі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Ғылыми зерттеуді швециялық ғалым, палеонтолог Штефан Киль және Есенов университетінің студенттері мен оқытушылары бірлесіп жүргізген.

Экспедиция барысында киттің қабырғасы, теңіз жұлдызының қалдықтары және түрлі моллюска да табылған.

Зерттеушілердің айтуынша, ерте заманда Маңғыстау аумағы алып Тетис мұхитының бір бөлігі болған. Бүгінде шөлейтті аймақ саналатын өңірдің тереңінде миллион жылдық теңіз тарихы жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget