Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығы қайта жандануда

Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығы қайта жандануда

Биыл Маңғыстау облысында балықпен айналысатын 3 кәсіпорын 45,5 тонна бекіре тұқымдас және жайын балықтарын өсірді. Ал 2025 жылы өңірде 286 тонна балық өсіру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді.

Биыл Түпқараған ауданында бекіре балығы мен уылдырық өндіретін ферма салу үшін 56 гектар жер учаскесі берілді. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталады деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады. Маселен, Швейцарияның әйгілі балық фермасы бассейнде бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру және ас уылдырығын өндіру жобасын іске асырады. Жоба құны құны 4,2 млрд теңге. Ал Қарақия ауданында шаян тәрізділер мен балық өсіру жобасы іске асырылады.

Жалпы 2025-2027 жылдары құны 12 млрдтеңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде ең ірісі - Organic fish серіктестігінің тор қоршамада бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру жобасы. Жобаның қуаты жылына 5 мың тонна, инвестициялық құны 7,4 млрд теңге.

Аталған жобалар іске қосылған жағдайда "Қазақстанда жасалған" деген отандық бренд қалыптасып, ел нарығын жергілікті өніммен қамту жоспарланып отыр.

​Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығын дамыту қолға алынды. Кеңес дәуірі кезінде қарқынды дамып, кейін тоқтап қалған бұл шаруашылықты қайта жаңғырту үшін бірқатар инвесторлар тартылды. Бүгінгі күні Каспийден балық аулайтын заманауи кемелер сатып алынды. Келер жылы тағы төрт кеме алу жоспарланып отыр. Осылайша, 2025 жылы теңізден 20 мың тоннаға дейін балық аулау көзделуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина