Жаңаөзен қаласының маңында 18 жастағы қыз газ қызметінің маманын соққыға жықты, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Оқиға туралы мәлімет жедел басқару орталығына түсті - полицияға қыздың көршілері хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтады. Олардың полицияға берген түсініктемелері бойынша, 32 жастағы әйел - "Газ КҚРО" компаниясының қызметкері Теңге ауылына басшылықтың тапсырмасы бойынша, Ақбөбек көшесіндегі үйлердің бірін газдан ажыратуға келген. Есікті жас қыз ашыпты. Газ қызметінің маманы қарыз туралы айтып, газдан ажырататынын ескерткенде, қыз оған тіл тигізіп, соққыға жығып, үйден қуып шыққан.
"Бұзақылық танытқан үй иесінің 18 жастағы қызы болып шықты, ол Ақтаудағы медициналық колледжде оқиды. Оның бұл қылығына қатысты "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тексеру басталды, тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.