Сарға ауылында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салып, қайтыс болды деп хабарлайды Tumba.kz-ке сілтеме жасаған sn.kz.
Марқұмды туыстары үй ауласындағы қорада асылып тұрған жерінен тауып алған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болса да, сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуға ерте дейді. Бойжеткеннің денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың бегісі жоқ.
Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның ешкіммен ренжіспегенін, ешқандай оғаш қылық көрсетпегенін айтты.
Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.
Дереккөз: nur.kz