- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда 11 жастағы...
Маңғыстауда 11 жастағы қыз ұйқылы-ояу күйде екі әпкесін пышақтаған
Маңғыстауда тұрғындар 11 жастағы қыз екі әпкесін пышақтап тастағаны туралы ақпарат таратып жатыр. Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады. Зардап шеккен әпкесінің бірі ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 14 сәуірде Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде болған. Полицияға күтпеген жайт туралы хабар таңғы 04.00 шамасында түскен. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы келген.
"11 жастағы қыз ұйқылы-ояу (лунатизм) ас үй пышағымен 12 19 жастағы әпкелерін пышақтағаны анықталды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Екіншісі әлі ауруханада жатыр. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина