Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді. Ол өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгін, 5 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратына бір тұрғын келіп, әкімге жолықтыруды сұраған.
Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген.
Сондай-ақ тұрғынды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған.
"Оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш қоспаны құйып, өзін өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен өрт жедел сөндірілді. Жедел-жәрдем шақырылып, ол келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Сая Мәжитқызы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!