Маңғыстау облысының соты Қарақия ауданының шенеунігін 50 мың теңге пара алғаны үшін 2,5 миллион теңге сомасында айыппұл төлеуге міндеттеді, - деп хабарлайды Tumba.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Сот сотталушының иелігіндегі мүлікті тәркілеуге және мемлекеттік органдарда қызметке тұру құқығынан өмір бойына айыруға шешім қабылдады.
Қарақия аудандық сотының мәліметінше, "Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімі" МБ жетекшісі аудан аймағында көкністі саудалауға жеделдетілген және кедергісіз рұқсат беру үшін 50 мың теңге алған. Сотта сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындады.
Еске салайық, Қазақстанда жемқорлық қылмысты жасауға, сегіз айдың қорытындысы бойынша, 2 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, олардың 600 миллион теңгесі мемлекет қазынасына түсті.