Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді. Тиісті қаулыға Үкімет қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының әкімдігі тиісті шараларды қабылдауы қажет.
Құжатқа сәйкес Маңғыстау облысының шекаралары былайша белгіленген:
- Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- солтүстік-шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- оңтүстік-шығыс шекара қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!