Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды
Фото: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме  жасап. 

"Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жұмыстырының барысымен танысты. Сонымен қатар, барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдайдың бақылауда екенін айтты", - делінген хабарламада. 

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек