• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Маңғыстау облысындағы сарбаздың өлімі: кімдер жазаланды?

Маңғыстау облысындағы сарбаздың өлімі: кімдер жазаланды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев Маңғыстау облысында 7 қыркүйекте қаза тапқан әскерге шақырылған сарбаз Марат Барқұловтың өліміне кім кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көшекбаевтың айтуынша, бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді.

"Қазір Астананың әскери сотында сот отырысы өтіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша взвод командирі лейтенант Досовқа айып тағылды. Бұл офицер әскери университеттің 2024 жылғы түлегі. Қызметін өткеру үшін ол әскери бөлімге былтыр тамыз айында келген. Қыркүйекте "Оймаша" полигонына жіберілді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының Әуе қорғанысы күштерінің бастығы полковник Садықов қызметінен босатылды. Қызметтік міндеттерін толық орындамағаны үшін үш лауазымды тұлғаға ескерту жасалды, төрт офицерге әртүрлі тәртіптік жаза қолданылды", - деді Көшекбаев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерьдегі кезекші сарбаз Марат Барқұловтың бетіне тапаншадан оқ тиген. Сарбаз қалалық госпитальге жеткізілді, бірақ ол жолда қайтыс болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес