Маңғыстау облысындағы ірі жол апаты видеоға түсіп қалды: бір адам зардап шекті

Маңғыстау облысындағы ірі жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бейнеуде 7 қыркүйекте сағат 15:10 шамасында үш көлік соқтығысқан. Hyundai Sonata маркалы автокөлігі бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, "ВАЗ 21703" және Lexus RX330 көліктеріне соқтығысқан.

Видеода көліктердің бірінің жолаушысы бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай өтіп бара жатқан жүргізушіні видеоға түсіріп тұрғаны көрінеді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қызметкерлері апаттан Lexus жүргізушісі зардап шеккенін айтты.

"Апат салдарынан Lexus RX330 көлігін басқарған 49 жастағы әйел аудандық ауруханада тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 21 жастағы Hyundai Sonata жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның көлігі айып тұрағында", - деді ведомстводағылар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!