Маңғыстау облысындағы мектептің төбесі опырылды: оқушылар көшірілді

Маңғыстау облысындағы мектептің төбесі опырылды: оқушылар көшірілді
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысы Құрық ауылының мектеп-гимназиясының оқушылары басқа білім беру мекемелеріне ауысуға мәжбүр болды. Өңірлік білім басқармасы балалардың қайда ауыстырылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Білім басқармасының мәліметінше, барлығы 1309 оқушы ауыстырылды.

"Олар №1, №6 мектептерге және Құрық өнер мектебіне орналастырылды. Оқушыларды білім ұйымдарына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдері. 

Мектепті қашан жөндеуге кірісетіні әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүргізіліп, сараптамалар жасалып жатыр.

Еске салайық, 23 шілдеде Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залының төбесі опырылған болатын. Ғимарат 2009 жылы пайдалануға берілген. Оқиға кезінде ішінде ешкім болмаған. ҚР ҚК 278-бабы 2-бөлігі бойынша (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау немесе пайдалануға жіберу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) соталды тергеу басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget