Маңғыстау облысындағы мектептің тағы 16 оқушысынан улану белгілері анықталып, медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
12 қыркүйекте сағат 18:34 шамасында Бейнеу ауылындағы Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы іш ауруымен аудандық жедел жәрдем бөліміне жүгінді.
"Қабылдау бөлімінде ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. Сағат 21.43-те 16 бала үйлеріне қайтты. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін барлығы мектепке барды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары мектептен тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, оларды сараптамаға жіберді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!