- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысындағы балабақшаларға...
Маңғыстау облысындағы балабақшаларға 100 миллион теңге айыппұл салынды
Маңғыстау облысындағы балабақшаларға 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында заңбұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 12 жекеменшік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина