Маңғыстау облысындағы Бейнеуде тұрғындар тамақтан жаппай уланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
23 ақпанда кешке "Алиман" мекемесіне барғаннан кейін 23 адам облыстық орталық ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.
"Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар да, ересектер де, жүктілігінің 19 аптасында болған әйел де бар, 8 адам үйінде ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!