- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында тұрғын...
Маңғыстау облысында тұрғын оқушыны зорлап, ағасын өлтірмек болған: тың деректер белгілі болды
Маңғыстау облысының Жетібай ауруханасы хирургия бөлімшесі меңгерушісінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт 30 жерден, 14 жастағы қыз бала 18 жерден пышақ жарақатын алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ағалы-қарындастың жағдайы бүгін де орташа ауырлықта",- деді дәрігер.
Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, балалардың анасы сол күні вахталық жұмыста болған, ал әжесі аудан орталығындағы оңалту орталығында ем қабылдап жатқан.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина