- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында теміржолда...
Маңғыстау облысында теміржолда жантүршігерлік оқиға болды
Фото:
"Астана" телеарнасы
Маңғыстау облысында теміржолда жантүршігерлік жол апаты болды. Шетпе ауылында ер адам жеңіл көлікпен рельске соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері 42 жастағы жүргізуші рөлді тізгіндей алмады деп санайды. Бірақ нақты не болғаны тергеу барысында анықталуы керек.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы полиция басқармасында тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова