Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында ТЖ қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұ жағдай Түпқараған ауданында болған. 2003 жылы туған ер адам Каспий теңізінің жағалауында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсіп, өз бетінше жағаға шыға алмаған.
"Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!