- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ірі...
Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды
Ақтау мен Жаңөзен арасындағы трассада жол-көлік оқиғасы болып, үш адам өртеніп кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Апат 20 қыркүйекте, сағат 07.00 шамасында Қарақия маңында болды. Болжам бойынша, Lada Priora Жаңаөзенге бағыт алған. Жөндеу жұмыстары болып жатқан жерде автомобиль тасқа соғылып, көліктің ішіндегі газ баллоны жарылады. Салдарынан автомобиль ішінде болған үш адам тірідей өртеніп кетті.
Төтенше жағдай болған жерге дереу жеткен полицейлер жолаушылар мен жүргізушіні құтқаруға тырысты. Дегенмен олар кеш қалып қойды. Өртті ТЖД қызметкерлері өшірді. Адамдардың денелері молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді. Полиция өкілдері жүргізушінің Ақтаудың 21 жастағы тұрғыны екендігі анықталғанын айтты. Сол күні жас жігіт анасына айтпастан үйден кетіп қалған. Ол Жаңаөзенге әйеліне бара жатқан екен.