Маңғыстау облысында онкологияға шалдыққан науқастарға мүгедектік рәсімделмей пен жәрдемақы берілмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының прокуратурасы онкологияға шалдыққан науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.
Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиатив көмек алатын 661 адамның мүгедектікті рәсімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды.
Осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам "Д" есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған.
Бұл бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Бүгінгі күні заңбұзушылықтар тоқтатылып, Денсаулық сақтау басқармасы бұл тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл процесс облыс прокуратурасының бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!