- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында өлі...
Маңғыстау облысында өлі жандарға жалақы төленіп, сыйақы берілген
Маңғыстау облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің тумаластарын жұмысқа заңсыз орналастырып, іс жүзінде жұмыс жасамай (өлі жандар), ай сайын жалақылары төленіп, сыйақылары негізсіз есептеліп, олардың есеп шоттарына 2,6 миллион теңге аударылған.
Бұл Ақтау қаласының прокуратурасымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызметтер көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінің қызметінде тексеру кезінде анықталған.
Тексеру нәтижелерімен өрт қауіпсіздігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау заңнамалары саласында заңдылықтың бұзылулары анықталды.
Бұрынғы директордың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық құрамының байқалуына байланысты, прокурорламен ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу іс-құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.
Басқа да анықталған заңдылықтың бұзылулары бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 2 мекеме директорына 7 әкімшілік іс-құжаттары толтырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина