- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында құтқарылған...
Маңғыстау облысында құтқарылған 5 жастағы қыз ауруханаға бара жатқанда қайтыс болды
Маңғыстау облысында 5 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, құтқарушылар "Кендірлі" демалыс орнында 5 жасар қызды судан алып шыққан. Ол суға түсуге жабдықталған аймақта шомылған. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған. Алайда бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
"1 тамызда сағат 21:50-де Дағдарыс жағдайларында басқару бөліміне мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (ӨСБ-3) диспетчерінен 2018 жылы туған қыздың судан құтқарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған. Алайда, 103 диспетчері мәліметінше, қыз ауруханаға бара жатқан жолда көлікте қайтыс болды. "Биологиялық өлім" диагнозы қойылды. Мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының басшысы Нұржан Борашев мәлімдеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан