Маңғыстау облысында Амал мерекесі қарсаңында діни шара өтті. Облыста балалар арасында Құран оқудан жарыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс нәтижесі бойынша 14 жастағы Әли Қошманов жеңіске жетті. Тәлімгер Әли Қошмановтың сөзінше, жарысқа 20 бала қатысқан.
Бірінші орын алған жеңімпазға 150 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге, үшінші орынға 50 мың теңге берілген.
"Мен Құранның 10 сүресін жаттап алдым. Бұл Қасиетті кітаптың үштен бірі. Өте қуаныштымын", - дейді жеңімпаз Әли Қошманов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!