- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында кісі...
Маңғыстау облысында кісі өлтірген тұрғынның бас бостандығы 1,5 жылға шектелді
Сотталушы Т. ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен, яғни абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралып жатыр.
Оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған. Сотталушы Т. жәбірленуші М-мен жанжалдасып, оның жамбасын аяғымен және басынан жұдырықпен ұрып, ауыр дене жарақатын салған. Жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан қайтыс болған.
Жәбірленуші өкілі мен куәгерлердің жауаптары, сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен сотталушының кінәсі дәлелденген. Сотта Т-ға ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Алайда жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы айыпты өзгертіп, Т-ны ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады.
Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, өкінуін, асырауында үш жас баланың, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан