Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны қоғамдық орынды ластағаны үшін жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік құқы бұзушылық туралы іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды.
Бұл баптың санкциясында 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.
Сот мәліметінше, 26 сәуірде ер адам орталық көшедегі полиция ғимаратының тура алдына темекі тұқылын тастаған. Сот қаулысымен О. есімді адам кінәлі деп танылып, оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!