Маңғыстау облысында көлік өртенді: оқиғаның мән-жайы айтылды

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында көлік өртенді. Өңірдің ТЖД өкілдері болған жайды баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың мәліметінше, 29 қарашада шамамен 16:17-де Бейнеу ауылында, Махамбет Өтемісұлы көшесінде, теміржол жолағына жақын жерде Kia Sorento автокөлігінің мотор бөлігі өртенген. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі шамамен үш шақырым қашықта орналасқан.

Көлікте газбаллон жабдық болмаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына алты өртсөндіруші және екі техника жұмылдырылды.Өртсөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында тілсіз жау сағат 16:30-да толық сөндірілді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз