2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстауға шет мемлекеттер мен ел аймақтарынан 215 мың турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі де 40% өсіп, 6,6 млрд теңге. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында "Жылы жағажай" ауданында орналасқан инвестициялық жобаларды іске асыруды тапсырған болатын. Осы тапсырма шеңберінде 2027 жылға дейін өңірде инвестициялық құны 100 млрд теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Биыл 8,5 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылды.
"Президент тапсырмасына сәйкес "Кендерлі" курорттық аймағының бас жоспары әзірленді. Бұл аймақта жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды. Жоба іске асқан кезде Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтып, негізгі жүктеменің төмендеуіне әсер етеді", - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сондай-ақ келер жылы Маңғыстау өңіріндегі "Жыланды" мүйісі туристік орын ретінде абаттандырылып, Бекет ата жолының бойынан саяхаттаушылар үшін визит-орталығы салынады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!