- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жоғалып...
Маңғыстау облысында жоғалып кеткен ер адам үш күннен кейін өлі табылды
Фото:
Lada.kz
Маңғыстау облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
1956 жылы туған Максым Ізбасаров 11 маусымда үйінен шыққан.
Осылайша, ол қайтып оралмаған. Lider.kz еріктілері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Жетібай ауылынан бірнеше шақырым жерде ер адамның денесін тапты.
Еріктілердің сөзінше, мәйіт елді мекеннен бес шақырым және Мешітбай зиратынан екі шақырым жерде жатқан. Денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова