Дүйсенбі, 2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
volcanodiscovery.com мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:48-де Ақтаудан 79 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпулерін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезді.
Еске салайық, 28 қарашада сағат 10:36-да Қытай мен Қазақстанның шекаралас аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 4,2.
Сонымен бірге 28 қарашада түнде Алматыда тағы да жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз