- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жасөспірім...
Маңғыстау облысында жасөспірім аялдаманың есігін теуіп сындырды
Фото:
instagram/112_aktau
Маңғыстау облысында жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасының әйнек есігін сындырып, ал мұны досы видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қараңғы түскенде болады. Кадрда жасөспірімнің жүгіріп келіп, әйнек есікті тепкенін, кейін оның сынғанын көруге болады. Әйнекті сындырған жігіттер қашып кетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан