Маңғыстау облысы Бейнеу-Сайөтес тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Camry көлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 6 ақпанда Бейнеу-Сайөтес тасжолында болған.
Қатты соққы салдарынан жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry жүргізушісі жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.
Ал КамАЗ жүргізушісі зардап шекпеген.
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану немесе жол қозғалысы ережелерiн бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай) бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Суреттер: lada.kz
"Құрметті жүргізушілер! Жол ережелерін қатаң сақтаңыздар, жолда мұқият болыңыздар және өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың өмірін қауіпке тікпеңіздер", - деп үндеу жасады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапқаны хабарланды. Полиция жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова