Маңғыстау облысында жанжал кезінде балағаттап сөйлеп, түкірген адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға қалай болған?
Жаңаөзен қалалық сотында Р-ға қатысты іс қаралды. Р. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған.
Ол 2025 жылғы 9 қаңтарда сағат 15:25 шамасында Бостандық шағын ауданында орналасқан Жаңаөзен қалалық соты ғимаратының 1-қабатында азамат Х-ға былапыт сөйлеп, айқай-шу шығарып, үстіне түкірген.
Сот шешімі
Сот отырысында Р. кінәсін толықтай мойындады.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде "Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер" үшін жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу түріндегі жазаларды қолдану көзделген.
"Р. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған сот мәліметінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова