Маңғыстау облысында есірткіні халықаралық деңгейде жеткізіп жүргендер ұсталды

Маңғыстау облысында есірткіні халықаралық деңгейде жеткізіп жүргендер ұсталды
Фото: ҰҚК

20 желтоқсанда ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.

Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-нің күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина