- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ер...
Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады
Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео пайда болды.
Кадрлардан дүкен алдында қанжоса болып жатқан әйелді көруге болады. Көпшілік айнала жиналған.
"Видео авторының айтуынша, ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен", - деп хабарлайды жергілікті Instagram 911.aktau.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.
Әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек