Маңғыстау облысында сот айыпталушыға дәрменсіз күйде екенін қолдана отырып кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық зорлық зомбылық жасады деген ер адамға қатысты үкім шығарды. Қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл іс 28 желтоқсанда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қаралды.
Айыпталушы Б. биыл мамыр мен қыркүйек аралығында 2017 жылы туған қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық зорлық әрекеттерін жасаған. Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленуші қыздың заңды өкілі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!