Маңғыстау облысында экологияға зиян тигізген компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыста Табиғат қорғау прокуратурасы талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзылғанын анықтаған.
Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Айыппұл сомасы - 7,8 миллион теңге.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!