Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында сирек әрі аса сақ жыртқыш дала мысығы фототұзаққа ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстанның биоалуантүрлігін сақтау ассоциациясы (ҚБСҚ/АСБК) мәлімдеген. T
Мамандардың айтуынша, түсірілген кадрлар Үстірт экожүйесінің сақталғанын білдіреді.
Видеодан кадр: Lada.kz
Экологтар дала мысығы табиғи теңдік үшін маңызды екенін айтады: ол ұсақ жануарлардың санын реттеп, экожүйедегі балансты реттейді. Бұл түрге төнетін негізгі қауіп - мекен ету ортасының тарылуы, браконьерлік және табиғи аумақтардың тозуы.
Қазақстанда бұл түр мемлекет қорғауына алынған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz