- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында бірге...
Маңғыстау облысында бірге тұратын әйелдің балаларын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Маңғыстауда кәмелетке толмаған екі баланы зорлаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот сотталушыны 25 жылға соттаған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, қылмыскер бірге тұратын әйелдің балаларын зорлап жүрген. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін қайта қарады.
Апелляциялық шағымда жәбірленушілердің адвокаты тағайындалған жазаның жеңіл екенін айтып, М.-ға қатысты үкімді өзгертуді, оған өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Осылайша, сот алқасының шешімімен үкім өзгеріп, қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина