Маңғыстау облысында тексеріс кезінде бір күнде 28 жезөкше ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интим қызмет және боди-массаж жасайтын 28 қызды анықтады.
Олардың бәрі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) және 492-бабы бойынша жауапқа тартылған.
Жезөкшелікпен айналысу үшін тұрғын үй-жайды жалға бергені үшін тұрғын үй иелері (ҚР екі азаматы) ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапқа тартылды.
"Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға алумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге және риэлторлық ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға арналған үй-жайларды беру ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық екенін ескертеді, ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған", - делінген полиция хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!