Маңғыстауда білім басқармасының бұрынғы басшысы, үш мектеп директоры және жеке кәсіпкер сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім басқармасының бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу органы жеке кәсіпкерді лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берді, ал бұрынғы білім басқармасының басшысы және үш мектеп директоры пара алды деп айыптаған.
Жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісімшартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісімшарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға - сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге - 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.
Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкіну және жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
"Соттың шешімімен Б. мен Н.-ге ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен - 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 2 тармағына сәйкес, - 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салу. Жеке кәсіпкер Ш. ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен - 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!