Экологиялық порталда Маңғыстау облысында Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп жариялау мақсатында зерделеу жұмыстары үшін қоғамдық тыңдау ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық тыңдау тұрғындарының өтініші негізінде қаралады. Порталда өтініш беру үлгісі видеода көрсетілген. Осыған дейін сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынған болатын.
Сенатордың айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған. Айта кетейік, республиканың кейбір бөліктері ядролық қару және басқа апатты климаттық ықпалдарды қолдану салдарынан радиациялық немесе экологиялық апат аймақтары болып танылған. Осы аймақтарда тұратын азаматтарға заңнамамен әлеуметтік және медициналық салаларда әр түрлі қолдау көзделген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!