Маңғыстау облысында баланы алабай ит талап тастады

Фото: Видео кадры

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жасөспірімді ит талап тастады. Полиция иттің иесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жасөспірім баланы алабай талап тастағаны жайлы видео тарады. Желіде тараған мәлімет бойынша, бала сынып жетекшісіне ата-анам келіп тұр деп ерте шығып кеткен. Ол такси күтіп тұрғанда оған алабай шапқан. Ит оқушының екі қолын тістеп тастаған. Ол кезде баланың жанында ешкім болмаған. Ес-түссіз жатқан баланы жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі тапқан. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірім медициналық мекемеде қажетті емді алып жатыр.

"102 полиция пультіне Ақшұқыр ауылында 15 жастағы жасөспірімді ит тістеп алғаны туралы хабар түсті. Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсету үшін ол бірден медициналық мекемеге жеткізілді", - деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері жедел түрде иттің иесін анықтады. Иттің иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-бабы "Жануарларды ұстау ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget