- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында балалар...
Маңғыстау облысында балалар мерзімі өткен қоқысқа төгілген сусын ішкен
Маңғыстау облысында белгісіз біреулер мерзімі өткен сусындарды ауыл маңына төгіп кеткен. Қоқыста жатқан сапасыз өнімдердің қызығын енді ойын балалары көріп жүр. Мұны ішкен балақайлар уланып қала ма деп қорқады тұрғындар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Танымал брендтегі сусындарды Басқұдық ауылының маңына жүк көлігімен әкеліп төккен. 10 тоннадан астам өнім тау болып үйіліп жатыр. Оны балалар үйіне тасыса, тіпті кейбіреуі көлігіне тиеп әкетіп жатыр.
Тұрғындардың шағымынан кейін әкімдік өкілдері қоқыс алаңындағы сапасыз тауарларды трактормен таптап аумақты тазалаған. Алайда сусындарды кімнің әкеп тастағанын әлі анықтай алмай отыр.
"Он техниканың көмегімен, жүк көлігімен көмдірдік. Оқиға орнында мерзімі өткен сусындарды төккен техникаларды әлеуметтік желі арқылы анықтадық, бірақ мемлекеттік белгісі көрінбейді. Қоқыс төккендер іздестіріліп жатыр", - деді Басқұдық ауыл округі әкімдігінің бас маманы Айбек Жангелдин.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы