- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында балабақшаға...
Маңғыстау облысында балабақшаға 10 миллион теңгелік принтер сатып алынбақ болған
Маңғыстау облысында мемлекеттік балабақшалардың бірінде 32,1 миллион теңгеге 3 дана принтер сатып алу жоспарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлері құнының нарық бағасынан жоғары болмауын бақылап жатыр. Нәтижесінде жыл басынан бері 1,2 миллиард теңге көлеміндегі мемлекет қаржысы үнемделген.
"Өңірде мемлекеттік сатып алуларды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Бір ғана мысал, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 миллион теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 миллион теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда бұл тауардың нарықтағы құны 100 мың теңге екені анықталды. Департаментпен енгізілген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 миллион теңге қаражат үнемделді", - деді ыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
Айта кетейік, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызметтерінің бағаларына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек