Маңғыстау облысында балабақшадағы қаржы махинациясы әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында "Күйкен" балабақшасынан қаржы саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.
Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден аса шығын келтіргені белгілі болды.
"Бұл дерек бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Келтірілген залал толық көлемде өтелді", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова